+7 717 270 28 68kasiettyzhol@gmail.com

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ

Аллаға шүкір арманым орындалды!

«Айзеренің өз жасындағы балалармен бірдей дамымауының себебі сал ауруы» деген кезде бар үміт, бар арман-мақсаты жерге түскен әйнектей тарс жарылды.

24.12.2021 11:54

Лаураның бар ойы баласының ендігі күнделікті өмірі талпынумен, өкінумен, құлаумен өтетінін ойлап жаны қатты ауырды.

Үміт оты әбден сөнген.

Айзере сол кезде 2 жаста болатын. Кейін “Қасиетті жол” қайырымдылық қоры туралы естіп, тарс сынған әйнек қалпына келгендей болды.

Кейін 3,5 жасында Айзере еңбектеп, тілі шыға бастады. Тауды құлатардай күш пен сенім пайда болды Лаурада.
Биыл оңалтудың және "Kzhol Shymkent" мамандарының арқасында Айзере білім еліне жол ашып, алғашқы қоңырауын өз қолымен сыңғырлатты.
Дәрігер болам деген арманына бір қадам жақындады.

Еске сала кетейік, Айзере Samruk-Kazyna Trust бас серіктестігінің қолдауымен «Дені сау бала» жобасы аясында тегін оңалтудан өтті.

ВСЕ НОВОСТИ >>>