+7 717 270 28 68kasiettyzhol@gmail.com

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ

Баламның жеткен жетістіктері менің де жеткен жетістігім…

Баламның жеткен жетістіктері менің де жеткен жетістігім…

 

28.01.2022 13:29

Алматтың диагнозын алғаш естіген кезде есеңгіреп сенбей қалдық. Кейін өз-өзіме келіп алда ұзын жол күтіп тұрғанын түсіндім. Жұмысымды тастап бар көңілімді балама арнадым. Түсінген басты қағидам – емді тоқтатпай алу. Осы қағиданың арқасында Алмат екі аяқты велосипедті айдап үйренді.

Әлеуметтік мессенджер арқылы «Қасиетті жол» Қайырымдылық қоры туралы естідім. Бұл біз үшін өте тиімді және нәтижелі болатын. Себебі, бізбен бір жағдай болған, содан кейін баламның барлық еміне бірге барып қатысуға тырысамын. Ал «Қасиетті жолда» тек баламен емес, ата-анасы, ата әжесімен бірлесе жұмыс жасайды.

Алматты жалғыз ауруханаға жатқызды. Баламның тілі дұрыс шықпаған, түсініксіз сөйлейді. Өзімен қатар балалардың соған шыдамы жетпеген болар деп тұспалдадым, екі аяғынан тартып омыртқасының терісін жыртып жіберген. Кейін ауруханадағы мамандар мені хабардар етпей, өздігінен ем жүргізген. Ол туралы шыққанда бір білдім. Содан кейін ешкімге сенбеймін. Бұл жағдайдан кейін баламмен бүкіл жерге бірге барамын, ал бұл жағынан «Қасиетті жол» бізге ұнайды.

Шымкент қаласындағы «Қасиетті жол» оңалту орталығында бізге Салтанат Қуатовна диспорт салды. Содан кейін баламда алға жылжулар басталды. Мұнда тек диспорт емес, одан кейінгі оңалту да маңызды. Баламның бойы өсіп, сіңірлері созылды. Арманым велосипед айдағанын көру емес, арманым балам ел қатары анық сөйлеп, ойлаған ойын қиналмай толық жеткізе алса, денесін тік ұстап түзу жүріп, оң қолымен жұмыс жасап, өмірде өз орнын тауып, өзінің қалаған мамандық иесі болып елімізге пайдасы тиетін, мен ғана емес бүкіл халық мақтан тұтатын ер азамат болып өссе деймін.

Қанша құладық, қанша жыладық бірақ нәтижеге қол жеткіздік.
Мамандар менің баламды сан, есепке жақсы екенін айтып мақтады да.
P.S. Басқа аналарға айтарым, мен ешқашан үмітімді үзбедім, сіздер де үзбеңіздер.

Алмат «Салауатты бала» жобасы аясында «Samruk-Kazyna Trust» бас серіктестігінің қолдауымен тегін оңалтудан өтті.

ВСЕ НОВОСТИ >>>