+7 717 270 28 68kasiettyzhol@gmail.com

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ

Ясмина

15.02.2023 12:50

Адам әртүрлі жағдайда өмірге келеді. Анасы босанған кезде қолайсыз жағдайлар туындап, Ясминаның нерв жүйесі қысылып қалды. Соның салдарынан оң қолының жаны кетіп, еш қозғалыссыз қалды.


Анасына ең қиыны қасында қолдайтын сенімді адамның жетіспегені еді. Жұмысын қоя тұрып тек қызының емімен айналысты. Ең үлкен қорқынышы қызының оң қолы мүлдем қозғалыссыз қалуы. 


«Кейін «Қасиетті жолмен» танысып үміттің шырағы пайда болды. Емді ерте бастағасын болар, динамикамыз байқалды. Ал мен оны мамандардың біліктілігі мен балапандарға деген махаббатымен байланыстырдым.» - дейді Ясминаның анасы.


Қазір Ясминаның қолына жан кірді. Тек әлі де қолының қисайып тұрғаны байқалады. Қолының түзеліп кетуі уақыттың еншісінде.

ВСЕ НОВОСТИ >>>