Помочь
img

Мәулен Әшімбаев және Тамара Дүйсен «Қасиетті Жол» оңалту орталығының жұмысымен танысты

11.04.2018
«Нұр Отан» партиясы мүмкіндігі шектеулі жандарға үнемі қолдау көрсетіп келеді. Осы бағытта «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы өз жұмысын жандандыра түскен. Бүгін партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Астанадағы бірқатар әлеуметтік нысандардың жағдайымен танысты. Елімізде 670 мыңдай мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Оның 70 мыңдайы жасөсіпірімдер.  Елордадағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысқан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары "Нұрлы жүрек" деп аталатын орталыққа барды. Мұнда 3 пен 18 жас аралығындағы 260 бала әлеуметтік бейімдеу және оңалту бағытында ем қабылдап жатыр. Олармен білікті мамандар жұмыс істейді.  Нарқыз Есентаева, психолог: Бізде ерекше балалар. Барынша талпынып, балаларымызда талпынып, бізде сол көрсеткен тапсырмаларды, іс-әрекеттерді орындауға талыпынады. Және біз балалардың ИПР-ін 3 жылға бөлеміз. 3 жылдың ішінде бір нәтиже көрсетуге тырысамыз. Мәулен Әшімбаев мұнан соң «Қасиетті жол» орталығында болды. Мұнда 2-15 жас аралығындағы мүгедек балалар тегін оңалту курсынан өтеді. Мекемеде алғашқы жылы аз қамтылған отбасылар мен балалар үйінен келген 250 сәбиге қызмет көрсетілген. Орталық ашылғаны бері  2 мыңға жуық бала қажетті ем-домын қабылдаған. Арайлым Еркінова, «Қасиетті жол» қорының құрылтайшысы: Әр жерден жақсы методиканы алып, оборудование жасап, осындай оңалту орталығын ашуға келді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған инфрақұрылымның қолжетімсіздігі өзекті мәселелердің қатарында. Мәулен Әшімбаев осы жәйтке де тоқтала кетті.  Мәселен, бүгінде 31 мыңнан астам паспортталған инфрақұрылым нысандарының 3 мыңға жуығы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімсіз. Инклюзивті білім беру ісі де лайықты деңгейде дамымай отыр. Орта білім беретін мектептердің тек 30 пайызында ғана мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға қажетті жағдай жасалған Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары: Олардың инклюзивті білім алуына, кейін енді жұмысқа тұруына,содан кейін енді мына қоғамдық жерлерге барған кезде кедергісіз кіруне, шығуына, әртүрлі инфраструктураны пайдалануға мүмкіндіктер болу керек. Сондықтан біз осы бағыттарда біз жұмыс істейміз. Әлеуметтік нысандардағы еңбек ұжымымен, ата-аналармен кездескен Мәулен Әшімбаев партия қызметін жаңғырту аясында «Кедергісіз келешек» жобасының жұмысы одан әрі жанданып, әдіс-тәсілдері жетіле түсетінін айтты.    Базаргүл ОТЫНШИЕВА 



 http://www.astanatv.kz/news/show/id/65959.html
© Astana TV



www.khabar.kz