Помочь
img

Сал ауруына шалдыққан баланы оңалту орталығына кезекке тұрғызу қалай жасалатынын білесіз бе?

26.09.2018

Мүмкіндігі шектеулі баланың оңалту орталығына жазылуы күрделі әрі ұзақ процесс екен. «Қасиетті жол» қайырымдылық қорының директоры Гүлмира Абелдинова балаларды емге қабылдаудың процесін кезең-кезеңімен түсіндіріп берді. Бүгінде Қазақстанда 19 мың бала сал ауруына шалдыққан, оның 1169 астанада тұрады. Толық емделу үшін балаларға мамандандырылған орталықтағы оңалтудан өтуі керек. Әкімдіктің және «Kzhol» қайырымдылық қорының қолдауымен Астанада «Қасиетті жол» оңалту орталығы мен «Балапан» ерте араласу оңалту орталығының жоғары білікті көмек көрсететін орталықтары жұмыс істейді. Баланы оңалту орталығына кезекке жазу үшін ең бірінші диагнозы қойылған, медициналық көрсеткіші бар, аурухананың көшірме қағазы мен талдаудың нәтижесі бар қажетті құжаттары жиналуы тиіс. «Бізге келушілерге ең алдымен бірінші кезекте баланың жасын, тұрғылықты мекенжайын сұраймыз. Егер баланың жасы 0 мен 2 жасқа дейінгі аралықта  болса, біз оны «Балапан» ерте араласу орталығына жолдаймыз. Бізде екі критерий бар: балалардың диагнозы сәйкес келуі керек, бізде нейроортопедиялық жолдама (ДЦП және басқа аурулар) және аз қамтылғандар бойынша, яғни қор аз қамтылған отбасының, балалар үйі мен Қазақстандағы балалар үйінің балғындарына кешенді оңалту жұмыстарын тегін көрсетеді. Ол үшін ата-аналар құжат тапсыруы тиіс, соған қарап біз отбасының әрбір мүшесінің жан басына шаққандағы табысын анықтаймыз. Біздің критерийіміз бойынша әр отбасы мүшесінің табысы 30 АЕК аспауы тиіс», - деді оңалту орталығының басшысы Гүлмира Әбелдинова. «Қасиетті жол» оңалту орталығы 2-ші қалалық балалар ауруханасының базасында орналасқан. Кешенді оңалту 21 күнді құрайды. Оның ішіне мамандардың қарауы (невролог, реабилитолог, ортопед, физиотерапевт, ЛФК дәрігері) және қосымша жекелей ЛФК айналысу, эрготерапевт, физиотерапия, бассейн, цифрлық ем шаралары, вибромассаж, жарықпен емдеу, жылумен емдеу кіреді. Орталық сондай-ақ ауыр халдегі эпилепсиясы бар, жасанды өкпе тынысы аппараты бар балаларды да қабылдайды. Астанадағы «Қасиетті жол» орталығына Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарынан басқа Қазақстанның барлық аймағынан 2-ден 15 жасқа дейінгі балалары келіп түседі. Оңтүстік аймақтағы балалардың бәрі де Шымкенттегі оңалту орталығынан өтеді. «Біз басқа қаладан келген балалар мен олардың анасын да тегін тұратын орынмен, тамақпен қамтамасыз етеміз, яғни біз ауруханадан палата сатып алып ол жерге балалар мен ата-анасын жайғастырамыз. Ай сайын Қазақстанның әр аймағынан келген 10 бала оңалтуды, тұратын жер мен тамақтану  көмегін тегін ала алады», - деді қордың директоры. 2014 жыл мен 2018 жылға дейінгі аралықта  2824 бала Астана мен Шымкенттің оңалту орталығынан кешенді түрде өтіп, қозғалыс пен сөйлеудегі көрсеткіштері айтарлықтай қарқынды түрде өсе түскен. Оңалту курсына балаларды жазу – маңызды қадам, ол мүмкіндігі шектеулі баланың әлеуметтік және ақыл, дене жағынан дамып жетілуін қалыптастырады. Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол

беріледі http://astana.gov.kz/kz/news/news/15714
;