Помочь Помочь персонально
img

ШЫМКЕНТ: «НҰРОТАНДЫҚТАР» ҚАЙЫРЫМДЫ ІСКЕ ҰЙЫТҚЫ БОЛДЫ

21.06.2019
Үшінші мегаполисте «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының қызметкерлері қайырымдалық шарасына қолдау көрсетті, деп жазады тілшіміз Айгул Керимкулова.

Игі істі қолдаушылар «#СізҮшін365Не?» науқанына қосылып, қайырымдылыққа 365 теңгеден жұмсады. Марафонды «Kzhol Shymkent» оңалту орталығы және «Қасиетті Жол» қоғамдық қайырымдылық қоры ұйымдастыруда.

– Жақсылықты бөліссе көбейеді. Бізің қызметкерлер осы игі іске өз үлестерін қосып отыр. Өйткені, қоғамда болып жатқан жағдайларға бей-жай қарай алмаймыз. Басқа азаматтардың мұқтажына қол ұшын созуға өзгелерді де шақырамыз. 365 күніміздің әрбір таңын керемет жақсылықтардың бастамасына айналдырайық, – деді «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов.

«Kzhol Shymkent» оңалту орталығы басшысының орынбасары Айгерім Жұмағалиеваның айтуынша, қайырымдылыққа үндейтін бұл марафонды мекемелер алғаш рет қолдап отыр.

– Елімізде 26 мыңнан астам сал ауруына шалдыққан бала бар. Оның 15 мыңға жуығы оңтүстік өңірінде тіркелген. Қарапайым халықтың демеушілігімен осы балаларға көмек көрсетуді бастағанымызға екі жылдай болды. Орталықта айына 50 бала ғана қабылдай аламыз. Ал аймағымызда ем-домды, оңалтуды қажет ететін сал аауруна шалдыққан балалар саны көп. Егер әрбір жан күніне 1 теңгеден 365 күнде қайырымдылыққа жұмсаса, қанша балаға көмектескен болар едік. Осы ниетімізді алғаш рет «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы қолдап отыр. Алғысымызды білдіреміз, – деді «Kzhol Shymkent» оңалту орталығы басшысының орынбасары Айгерім Жұмағалиева.

Ұйымдастырушылар марафон қаладағы өзге де мекемелерде қолдау табатынына сенімді. Қайырымдылық жасауға ниетті жандардың Айкерим Жумагалиеваға хабарласуына болады.
;