Помочь Помочь персонально
img

Маған осы күнге жету арман болды

16.10.2019
«Qazaqstan» ұлттық арнасындағы «Ниет» әлеуметтік бағдарламасы «Балапан» ерте араласу орталығында оңалтудан өткен Рамазан есімді жігітіміздің сал ауруына шалдыққан балалардың қатарынан ресми түрде шығарылды деген жақсы жаңалығымен бөлісуге шақырды.
Ол қалай болды дерсіздер...

Балапандар 2 жасқа толғаннан кейін, біздің үлкен орталығымыз «Қасиетті жолға» өтеді. Оңалту орталығының менеджері Рамазанның анасы Зәурешке хабарласып, үлкен орталыққа кезегінің келгенін айтып еді...Телефоннан жылаған дауысты естідік. Бұл қуаныштың көз жасы еді. «Біздің диагнозымызды алып тастады» - деп бөлісті Зәуреш.

«Мен үшін бұл өте қиын болды. Мен баламның жүріп, сөйлеуін армандаған кезде көзіме жас келетін. Оны мүмкін болады деп ойламаппын. Сөйтіп, Астанаға көшіп келдік, өзіміздің дәрігерімізден «Қасиетті жол» қайырымдылық қоры туралы естідік.

Рамазан 1,5 жасында «Балапанға» келді, сөйтіп 5 айналымнан өттік. Нәтижесінде балам алғашқы қадамын жасады, кейін сөйлеп бастады. Тағы бір қуанарлық жағдай, «Балапан» ерте араласу орталығында алғашқы тұсауымызды Қазақстанның эстрада жұлдызы Әбдіжаппар Әлқожа кесті» деп анасы әңгімесін айтып жатқан кезде артынан Рамазанның былдырлаған дауысын естідік.

«Рамазан сөйлейді, жүреді, ақылды бала» деп өзін мақтады балапан.
«Бұл менің баламның жеңіс жолы, қуанышпен аяқталатын жеңіс жолы бұйырсын балаларымызға» деп әңгімесін аяқтады.

https://www.instagram.com/tv/B3T1JmPlNzp/?igshid=p1fp1836lp05


;