Помочь Помочь персонально
img

« Дені сау балалар» жобасы 2019 қорытынды

24.01.2020

Ресми деректерге сүйенсек елімізде сал ауруына шалдыққан 26000 астам бала бар. Олардың 20 %-ң ғана оңалтудан өтуге мүмкіндігі бар. Қалғандары өкінішке қарай, ұзын-сонар кезекті күтіп, бос орындар жетіспей жатады.

Осындай мәселенің шешімін табу мақсатында «Қасиетті жол» қайырымдылық қоры «Samruk-Kazyna Trust» Корпоративті қорының қолдауымен 2013 жылдан бері «Дені сау балалар» жобасын жүзеге асырып келеді. Жобаның мақсаты нейро-ортопедиялық аутқулары бар аз қамтылған отбасылардан және балалар үйінен шыққан балаларға сапалы оңалту қызметін көрсету.

2019 жылы «Дені сау балалар» жобасымен 3 оңалту орталығы жұмыс жасады: «Қасиетті жол», «Kzhol Shymkent», «Балапан» ерте араласу орталығы.

Орталықтарымызда тегін оңалтудан 1560 бала өтті, оның ішінде 219 бала еліміздің өзге аймақтарынан келген. ­Сол жылы алғаш рет оңалтудан 486 бала өтсе, қалғандары бірнеше рет өткендер.

2019 жылы болған оңалтудың нәтижелерімен инфографикалар арқылы таныс болыңыз.





;