+7 717 270 28 68kasiettyzhol@gmail.com

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ

Кука - кішкентай батыр

15.06.2022 11:21

Біздің бүгінгі әңгімеміздің батыры, Құдайберген 29-аптасында дүние есігін ашқан. Туылғаннан кейін балапан 2 айдан аса дүниені тек вакуумның призмасынан ған көріп жатты. Кейін өздігінен анасының құрсағын алғаннан кейін баламызбен үйімізге келдік. Ол кездері баламыздың ерекшелігі туралы ойымызға да келмепті.

7 айында балалар отырып, еңбектеуге алғашқы қимылдарын жасай бастайды. Ал біз баламыздан мұндай дүниелерден байқамадық. Кейін сол кезде ерекшелігіміз туралы біле бастадық.

Диагноз: ДЦП гиперкенетикалық түрі
Сол кезден бастап оңалту орталықтарының табалдырығын тоздырып келеміз. Сол кезде «Қасиетті жол» оңалту орталығымен танысқан болатынбыз. 2018 жылдан бастап жылына екі рет оңалтудан өтіп жүрміз. Бұл «Қасиетті жол» қайырымдылық қорының бас серіктесі Samruk-Kazyna Trust қорының қолдауының арқасында мүмкін болып отыр.

Бүгінде балам өздігінен аунай алады, басын көтереді.
Адамдар айналадағы алдамшы дүниенің көптігінен, қарапайым ғана нәрселердің қаншалықты құнды екенін естен шығарып алады. Сондықтан бір-бірімізге қамқор болуды ұмытпайықшы!

P.S. Балам мені «Мама! Апа!» деп шақырған сәтте, алды артыма қарамай шауып барамын. Оңалтудың нәтижесінде қол жеткізген, бұл да бір жетістігіміз.

ВСЕ НОВОСТИ >>>