+7 717 270 28 68kasiettyzhol@gmail.com

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ

Өзімді күтпеген нәтижелермен қуантады

Өмірге 9 ай құрсақта болу керек болған Алихан ұлымыз уақытынан ерте 34 аптада дүние есігін ашты. Ұлымызда 5 ай толғанға дейін бәрі жақсы болғандай, сол кезден бастап күдікті дүниелерді байқадық. Ұлым 5 айлық балаға тиесілі даму кезеңінен кешігіп жүрді.

30.09.2022 14:53

ДЦП. Спастикалық дипплегия. Бұл Алиханға қойылған диагноз. Кейінгі күндеріміз дәрі-дәрмек, ЛФК, дәрігерлермен тығыз байланыста болдық.

ЛФК мамандардың қарауында болған кезде «Қасиетті жол» қайырымдылық қорына қарасты орталық  бар екенін құлағым шалып қалды. Сол жерде отырған ата-аналар орталықта жұмыс жасайтын мамандардың біліктілігі мен шеберлігін сөзбен жеткізу мүмкін еместігін айтты.

Оны естіген Алиханның анасы бірден сол жерге баратын жолды, қажетті құжаттарды біліп алды.

"Kzhol Shymkent" орталығында Алиханның жанына жақын, бірден бауыр басып қалған екі маман бар. Олар ЕДШ инструкторы Алимхан Бектуганов пен логопед-дефектолог Балнұр апай.

Орталықта өткен әрбір айналымнан кейін міндетті түрде сөздік қорымызға жаңа сөз, жаңа іс-қимылды меңгеріп шығамыз. Мамандары өте білікті,іштегі атмосфера өте жайлы, баламен контактіге түсулері, балаға үйретулері көңілімізден шығады????- дейді Алиханның анасы.

Ал біз "Қасиетті жол" қайырымдылық қорының бас серіктесі "Samruk-Kazyna Trust" қорына алғыс айтамыз.

ВСЕ НОВОСТИ >>>