24.01.2020 06:00
Ресми деректерге сүйенсек елімізде сал ауруына шалдыққан 26000 астам бала бар. Олардың 20 %-ң ғана оңалтудан өтуге мүмкіндігі бар. Қалғандары өкінішке қарай, ұзын-сонар кезекті күтіп, бос орындар жетіспей жатады.
Осындай мәселенің шешімін табу мақсатында «Қасиетті жол» қайырымдылық қоры «Samruk-Kazyna Trust» Корпоративті қорының қолдауымен 2013 жылдан бері «Дені сау балалар» жобасын жүзеге асырып келеді. Жобаның мақсаты нейро-ортопедиялық аутқулары бар аз қамтылған отбасылардан және балалар үйінен шыққан балаларға сапалы оңалту қызметін көрсету.
2019 жылы «Дені сау балалар» жобасымен 3 оңалту орталығы жұмыс жасады: «Қасиетті жол», «Kzhol Shymkent», «Балапан» ерте араласу орталығы.
Орталықтарымызда тегін оңалтудан 1560 бала өтті, оның ішінде 219 бала еліміздің өзге аймақтарынан келген. Сол жылы алғаш рет оңалтудан 486 бала өтсе, қалғандары бірнеше рет өткендер.
2019 жылы болған оңалтудың нәтижелерімен инфографикалар арқылы таныс болыңыз.