+7 717 270 28 68kasiettyzhol@gmail.com

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ

Елордада жігерлі сәбилердің тұсауы кесілді

09.10.2019 15:57

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Балапан» ерте араласу орталығының 8-айналымының жабылу салтанатында екі сәби алғашқы қадамдарын жасап, тұсауы кесілді.


Оның бірі – 1 жас 8 айлық Абдулхамид.
Абдулхамид дүние есігін уақытынан бұрын ашқан. Ол туған кезде салмағы бар болғаны 1,1 кг болған.

«Абдулхамид – отбасымыздағы 4-бала.Туылған кезде 2 айдай №2 Перинаталдық орталықта жаттық. Шыққан соң баламызды 1 жасқа толғанға дейін үйден шығармауға тырыстық. 1 жасқа толған кезде неврапатологқа бардық. Енді баланы ортаға үйрету керек екенін айтып, «Қасиетті жол» туралы хабардар етті. 1,7 жасында «Балапан» ерте араласу орталығына келдік. Жергілікті мамандар бірден омыртқа сүйектері мен бұлшық еттерінің бос екендігін айтты. Сөйтіп, біздің ЛФК инструкторымыз Садық Байымбетов болды. Курсымыздың 10-күнінде Абуымыз алғашқы қадамын жасады. Осы кісіге айтар алғысымыз шексіз», - дейді Абдулхамидтің анасы.
«Қасиетті жол» қоғамдық қайырымдылық қорының «Балапан» ерте араласу орталығы 2017 жылдан бастап уақытынан ерте туылған, сал ауруына шалдығу қаупі бар, Даун синдромы мен сал ауруына шалдыққан 3 айдан бастап 2 жасқа дейінгі балалар келе алады. Барлық қызметтер балаларға тегін көрсетіледі.
Қор мемлекеттік бюджеттен емес, еліміздегі қайырымды жандардың көмегімен өз қызметтерін ұсынып жүрген орталықтың бірі. Балапандарымыз 3 апта көлемінде невропотолог, неонотолог, реабилитолог, логопед, дефектолог, массаж, емдік дене шынықтыру инструкторлары мамандарының емдерін алады. Бастысы – қорға қажетті құжаттар тапсырылып, кезекке тұру қажет.
Халықаралық тәжірибелерге сенсек, осындай диагнозға шалдыққан немесе шалдығу қаупі бар балаларға ерте оңалтудан өтетін болса, мұндай қорқынышты диагнозды алдын алу көрсеткіші жоғары. «Балапан» ерте араласу орталығы да халықаралық тәжірибеге дәлел болып отыр.
«Әрбір алғашқы қадамын жасаған балапандарымыздың «Тұсаукесу» тойын жасау – орталығымыздың да, менің де сүйікті дәстүрім болып кетті. Мұндағы мақсат, балаларын орталығымызға әкелген ата-аналардың үмітін оятып, алдымызда жақсылық күтіп тұрғанына сендіру. Кейде ырымдап, сол кісілердің ақ жолын берсін деп елімізге танымал, белгілі бір деңгейге жеткен тұлғаларымызды да шақырып жатамыз. Бір қызығы – аналар бір-біріне жұғысты болсын деп, ырымдап орамалдарын іліп жатады», - дейді «Балапан» ерте араласу орталығының директоры Дина Тажибаева.    
Орталыққа келіп жүрген Арлан есімді 1 жас 10 айлық баланың диагнозы – сал ауруының орташа деңгейі.
«Бұған себеп болған – сәбиіміздің уақытынан бұрын 5 айлық кезінде дүниеге келуі. Арлан «Балапан» ерте араласу орталығына 5 рет келді. Алғаш рет 2018 жылдың қыркүйек айының соңында келген. Алғашқы курстан кейін арқасынан ішіне аударылып, қайтадан қалпына орала алды. Осындай жақсы нәтиже болғасын 2-айналымға да келдік. Ол кезде Арлан ішін көтермей жорғалап жүре бастады. 3-рет келген кезімізде «папа», «мама» деген сөздерді айта бастады. Содан кейін, Арлан ұнайтын нәрсесін көрсе, қолын созып «отдай, отдай» деп сұрай бастады. Оның өзі біз үшін қандай қуаныш болғанын жеткізу мүмкін емес. Одан кейін 4-рет келдік. Ол кезде балам қолдаумен отырып, сол қолының ұсақ моторикасы жақсарды. Ал қазір «Балапандағы» 5-айналымымыз аяқталды. Арлан 4 аяқтап тұруға тырысады, сонымен қатар өзіміздің емдік дене шынықтыру инструкторымыз Айбар ағайдың есімін «Айбар» деп айта бастады. Басында жақындатпайтын, ал қазір Айбар ағасына бауыр басып қалды», - дейді анасы Индира.
«Қасиетті жол» қоғамдық қайырымдылық қорының «Балапан» ерте араласу орталығы уақытынан ерте туылған, сал ауруына шалдығу қаупі мен сал ауруына шалдыққан, Даун синдромымен ауыратын балаларды қабылдап, тегін оңалту қызметін көрсететінін айта отырып, біреуге пайдасы тиер деген үміттеміз.
«Қасиетті жол» қоғамдық қайырымдылық қоры 2011 жылдан бастап сал ауруына шалдыққан аз қамтылған отбасылардан шыққан бал

https://baq.kz/news/othernews/elordada-zhigerli-s-bilerdi-t-sauy-kesildi/

ВСЕ НОВОСТИ >>>